• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №441

238 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 26 мамыр, Астана қаласы Жолаушылар поездарын тексеруді тағайындау туралы актіні есепке алу журналын жүргізу қағидалары мен нысанын бекіту туралы «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 66-1-бабының 3-тармағына сәйкес, бұйырамын: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жолаушылар поездарын тексеруді тағайындау туралы актіні есепке алу журналын жүргізу қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жолаушылар поездарын тексеруді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналының нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электронды түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №441 бұйрығына 1-қосымша Жолаушылар поездарын тексеруді тағайындау туралы актіні есепке алу журналын жүргізу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Жолаушылар поездарын тексеруді тағайындау туралы актіні есепке алу журналын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 66-1 бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді. 2. Қағидалар жолаушылар поездарының тексеруді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналын (бұдан әрі – Есепке алу журналы) жүргізу тәртібін айқындайды, ол есепке алу журналын толтыру мен ресімдеуді қамтиды. 2-тарау. Жолаушылар поездарын тексеруді тағайындау туралы актіні есепке алу журналын жүргізу тәртібі 3. Уәкілетті орган есепке алу журналын толтырады. 4. Есепке алу журналы қағаз тасығышта жүргізіледі, нөмірленеді, тігіледі және уәкілетті органның қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылады және оны жүргізуге жауапты тұлғаның қолы қойылады. 5. Оған жазулар толық, анық, мұқият енгізіледі, түзетулер мен қателерге жол берілмейді. Қате жазулар, жауапты тұлғамен ескертіледі және оның қолымен куәландырылады. 6. 1-бағанда жолаушылар поездарын тексеру әрбір актісі үшін реттік нөмір көрсетіледі. 7. 2-бағанда журналды толтыру күні көрсетіледі. 8. 3-бағанда жолаушылар поездарын тексеруді тағайындау туралы актінің нөмірі және күні көрсетіледі. 9. 4-бағанда уәкілетті органның атауы көрсетіледі. 10. 5-бағанда жолаушылар поездарын тексеруді жүргізуге уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайды) және лаузымы көрсетіледі. 11. 6-бағанда тексерілетін субъектінің атауы және жолаушылар поездарының нөмірлері көрсетіледі. 12. 7-бағанда тексерілетін субъектінің жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) көрсетіледі. 13. 8-бағанда тексерілетін субъектінің қызмет түрі көрсетіледі. 14. 9-бағанда жолаушылар поездарын тексеруді жүргізу мерзімі көрсетіледі. 15. 10-бағанда актілерге қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №441 бұйрығына 2-қосымша Нысан Жолаушылар поездарын тексеруді тағайындау туралы актіні есепке алу журналы № журналды толтыру күні (күні, айы, жылы) жолаушылар поездарын тексеруді тағайындау туралы актінің күні және нөмірі уәкілетті органының атауы жолаушылар поездарын тексеруді жүргізуге уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы тексерілетін субъектінің атауы және жолаушылар поездарының нөмірлері тексерілетін субъектінің жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) тексерілетін субъек-тінің қызмет түрі жолаушылар поездарын тексеруді өткізу мерзімі актілерге қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 24 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13824 болып енгізілді.